Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:07
  • Күн 05:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:26
  • Шам 20:42
  • Құптан 22:29
  • 15
  • тамыз

    сенбі

  • 25
  • Зуль-хиджа

    1441

«Имани жаз-2017» сауат ашу дәрісі басталды (ФОТО)

30-мамыр. Астана. Sunna.kz – «Имани жаз-2017» мектеп балаларына арналған жаздық сауат ашу курсы басталды.

Ел мешіттерінде оқушылардың жаздық каникулына орай басталатын «Имани жаз» сауат ашу курсын жүргізіп, жас ұрпақтың санасына имани құндылықтармен қатар отансүйгіштік, кісілік қағидаттарды, моральдық құндылықтарды сіңіруге бағытталған шара ұйымдастыру үрдісі қалыптасқалы біраз жылдың жүзі болды. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен Елорда мешіттерінде «Имани жаз – 2017» жаздық сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Бас имам Жұманазар Садырхановтың қадағалауымен, басталған «Имани жаз» дәріс аясында ұлдар және қыздар тобына оқушылар қабылданып, Әдеп, Құран әліппесі, Ғибрат, т.б пәндер бойынша мешіт имамдары мен «Астана» медіресесі, «Нұр-Мүбәрак» ислам университетінен келген практикант ұстаздар арнайы сабақ беруде. Әзірге мешітімізде 60 ұл, 40 қыз бала, барлығы 100-ден асатам оқушы білім алуда. Иләйім, жас ұрпақтарымыз иманды, инабатты кісілігі мол, білімді болғай!

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.