Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:57
  • Күн 05:48
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:32
  • Шам 20:50
  • Құптан 22:40
  • 11
  • тамыз

    сейсенбі

  • 21
  • Зуль-хиджа

    1441

«С.Ғылмани» мешітінде ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)

29-мамыр. Астана. Sunna.kz «С.Ғылмани» мешітінде кезекті ауызашар дастарханы жайылды.

ҚМДБ-ның нұсқауымен, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының әр күні, ел мешіттерінде ауызашар дастарханы жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылады. Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де тұрақты түрде артқарылып келеді.

Биыл да Астана қаласы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жыл сайынғы үрдіс бойынша, Алланың ризалығы үшін деген атымтай-жомарт кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен «Алтай», «Халал», «Әл-Маида» дәмханаларында және мешіттің ішінде де мыңдаған ораза ұстаушылар үшін күн сайын арнайы тағам дайындалуда.

Бүгін «Алтай» дәмханасында 140 адамға ауызашар дастарқаны жайылды. Оған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамы Әділ Агитаев қатысып, жиналған жұртшылыққа ауызашар дастарханының қадір-қасиеттері жайында айта келе, елімізге, жерімізге мол ризық-несібе тіледі. Сонымен қатар, мешіттегі арнаулы залда 220 адамға ауызашар дастарханы жайылса, «Керемет» дәмханасында 30 адамға арналған ауызашар берілді. Осылайша, Рамазан айының үшінші күні ауызашар дастарханынан 400-ге жуық адам дәм татты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасыз қызметі

 

«Алтай» дәмханасы:

Мешіттың арнаулы залында:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.