Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:08
  • Күн 04:58
  • Бесін 13:17
  • Екінті 18:50
  • Шам 21:26
  • Құптан 23:17
  • 3
  • маусым

    сәрсенбі

  • 11
  • Шавва́ль

    1441

АСТАНАДАҒЫ МҰСЫЛМАННЫҢ ЖОЛНҰСҚАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Астанадағы мұсылманның жолнұсқасы іске қосылды

«iMuslimAstana» - бұл қала аумағындағы мешіттердің, жұмыс жасайтын намазханалардың, тегін ауызашар жасаудың орналасқан жерлерін және намаз уақытын тез әрі оңай анықтауға мүмкіндік беретін, елорда мұсылмандары үшін ыңғайлы мобильді қосымша. Сондай-ақ, қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары орналастырылған. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады. Бүгінгі күннен бастап «iMuslimAstana» жобасын Андроид бағдарламасында жұмыс жасайтын смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар. Бір аптадан кейін бұл қосымша iOS бағдарламасында жұмыс жасайтын нұсқасы AppStore-да пайда болады.

 

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.