Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:39
  • Күн 07:05
  • Бесін 13:10
  • Екінті 17:08
  • Шам 19:03
  • Құптан 20:30
  • 29
  • қыркүйек

    сейсенбі

  • 11
  • Сафар

    1442

Бас мүфти мешітте құлаққап киіп отыратын жастарды сынға алды

Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы экстремизммен күрестің дінге кесірі тиіп кетпеуін сұрап алаңдады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Халықтың діни сауатын ашу керек. Ол адам діндар болып кетеді деп қорықпау керек. Дінге ешкім кедергі жасамаған. Дінді тоқтатамын деу мүмкін емес. Совет үкіметінің өзі жетпіс-ақ жыл тоқтатты. Экстремизм, терроризммен күресемін деп дінмен күресіп кетпеу керек. Дін деген халық. Оны да жақсы қарау керек. Әлеуметтік желіде отыратын жастар жат ағымдарға кетіп жатыр. Жат ағымда жүргендер мешітке тек жұма күні ғана келеді. Оның өзінде екі құлақтарына құлаққап киіп отырады. Қалған кездері әлеуметтік желіде отырады», - деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

 

Бас мүфти парламент депутаттары жиналған кездесуде имамдардың басын арашалап алды. Ол теолог жұмысы мен имам атқаратын міндеттерді шатастырмауды сұрады.

«Имам басқа нәрсе, теолог басқа нәрсе. Имамның міндеті мешітте жұма намазын айтады, біреу қайтыс болса жаназасын, бала дүниеге келсе азан шығарады. Имам уахабизммен жүрген адаммен сөйлесе алмайды. Біз неге ол имамнан «Сен неге сөйлеспейсің?» деп сұрауымыз керек. Олармен арнайы теологтар сөйлеседі. Бізде теологтар жоқ. Теологтардың орнына имамдарды саламыз. Қазір құмға сіңгендей маман жоқ. Ақтөбеге он теолог келіп жұмыс істеп кетті. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Имамдар. Әкімшілік келу қаражатын көтерді. Теолог деп айтамыз, бірақ әр мешіттің имамдары келді. Мәселен, абақтыда 96 имамымыз күнделікті жұмыс істеп жатыр. Имамдар күнде абақтыда экстремизм бабымен отырғандарға сабақ береді. Соның нәтижесінде 2016 жылы 196 адам дәстүрлі дінге қайтты», - деді бас мүфти.

NUR.KZ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.