Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:39
  • Күн 07:05
  • Бесін 13:10
  • Екінті 17:08
  • Шам 19:03
  • Құптан 20:30
  • 29
  • қыркүйек

    сейсенбі

  • 11
  • Сафар

    1442

ҚМДБ: БИЫЛҒЫ ПІТІР САДАҚА МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

Өскемен қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды.

Әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.  

Еске сала кетейік, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.