Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 16
  • қараша

    сенбі

  • 18
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

Бүгін түн - қасиетті түн

10 мамыр. Астана. sunna.kz - Бүгін кеш - күллі мұсылман үшін қасиетті түндердің бірі Барат түні.  

Исламда бірнеше қасиетті түндер бар. Солардың бірі қасиетті Барат түні.  Ол түн айтізбе бойынша шағбан айының 15-түніне тура келеді. Бұл кеш биылғы күнтізбе бойынша мамырдың 10-11-не қараған түнге сәйкес келеді. Яғни, бүгiнi түн – қасиетті Бәрат түні.

Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түнде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.

Бұл туралы ҚМДБ жариялаған 2017 жылға арналған діни күндер кестесінен көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.