Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 14
  • қараша

    бейсенбі

  • 16
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

«Әлжан ана» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды (ФОТО)

Бүгін Астана қаласының әуежай бойындағы «Әлжан ана» мешітінде жаңа қызметтік тағайындаулар болды.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен аталған мешіттің бас имамы Қуаныш Сәбит басқа қызметке ауысуына байланысты Мұқанов Асқар Әбітайұлы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды. Әлемге әйгілі «Әл-Азһар» университетінің түлегі Асқар Әбітайұлын бүгін қасиетті жұма намазы алдында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұртшылыққа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Асқар Әбітайұлы 1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. Мектептегі орта білімнен кейінгі тоғыз жылға уақытын Мысыр елінде діни білім алуға жұмсаған. 2004 жылдың қарашасында Бейбарыс бабамыз билік еткен мемлекетке аттанып, 2005-2006 жылдары «Әл-Азһар» университетінің дайындық курсын, 2006-2008 жылдары колледжін (ас-санауия), 2008-2013 жылдары «Шариғат заңдары» факультетін тәмамдаған.

Дін іліміне ден қойған Асқар Мұқанов елге оралғаннан кейін Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің наиб имамы қызметіне кіріседі. 2016 жылдан бастап «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінде қосымша ұстаздық қызмет атқарып келген. Бүған қоса, аталмыш оқу ордасының 2 курс магистранты. 2013 жылдан бастап ҚМДБ-ның жанына жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі. 2015 жылдың 2 қарашасынан Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.