Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 19
  • қараша

    сейсенбі

  • 21
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

IV Республикалық қазақша күрестен «С.Ғылмани» мешітінің балуаны ІІ-орын иеленді (ФОТО)

ше Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен IV Республикалық турниріне іріктеу сайысы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен спорт додасына қала әр мешіттерінің жамағатынан іріктелген бес балуан қатысты. Турнир талаптарына сәйкес жарыста 18 жастан асқан, салмағы 74 кг-нан жоғары, кәсіпқой спорт саласынан тыс әуесқой балуандар күш сынасты.

Білекті балуандар арасында өткен аламан сайыс нәтижесі төмендегідей болды. ІІІ-орынға «Әс-Сәлам» мешітінің палуаны Теңелбай Абдуллаев ие болды. Өткен жылы ІІ-орын иеленген болтын. 20 мың теңге қаржылай сыйлық пен диплом берілді. ІІ-орынды «С.Ғылмани» мешітінің балуаны Аманжол Төле иеленіп, 30 мың теңге сыйақы ұсынылды. (Естеріңізде болса өткен жылы С.Ғылмани мешітнің балуаны Данияр Мадия І-орын иеленген еді). Ал биылғы І-орынға «Әс-Сәлам» мешітінің балуаны Нариман Адамбек еншіледі. 50 мың теңге сыйақы және дипломмен мараптаталды. Сонымен қатар, турнирде ерекше өнер көрсеткен басқа да балуандарға сертификаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.