Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 20
  • қараша

    сәрсенбі

  • 22
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

Үкімет басшысы: Діни тәрбие әр адамның жүрегіне жеткізілуі керек

«Діни тәрбие беруде әр адамның жүрегіне дейін жету қажет». Бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында дін  саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020  жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің айтуынша, бұл тұжырымдама жалпы қоғам мен қоғамдық сананың тұрақты және үйлесімді дамуына, эволюциялық жаңғыруына ықпал етуі керек.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу барысында жас буынның діни сауатының төмендігіне айрықша назар аударған болатын. Сондықтан діни салада дұрыс тәрбиелік және ағартушылық жұмыстар жүргізуде күш-жігерді шоғырландыруымыз, барлық тұжырымдамалардың бейбіт жүзеге асырылуына септесіп, келісімді нығайтуға жәрдемдесуіміз қажет. Халық даналығы: «Алланы өз жүректеріңізден іздеңіздер. Оны одан басқа еш жерден таба алмайсыздар», дейді. Сондықтан сіздер мен біздің мақсатымыз - әрбір адамның жүрегіне дейін жету», - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы талқыланған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.