Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:07
  • Күн 05:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:26
  • Шам 20:42
  • Құптан 22:29
  • 15
  • тамыз

    сенбі

  • 25
  • Зуль-хиджа

    1441

«Бауырыңа өмір сыйла» акциясы өтеді

Донор тапшылығы бүгінде елімізде өте өзекті мәселе. «Нұр Астана» орталық мешіті осы мәселенің оңтайлы шешім табуына өз үлесін қосып келеді.

«Нұр Астана» орталық мешіті 28 сәуір күні сағат 9:00-де Республикалық қан орталығымен бірлесе отырып «Бауырыңа өмір сыйла» атты акциясын өткізеді. Қасиетті жұма күні қолға алынған игі бастамаға қала тұрғындары мен мешіт жамағатын атсалысуға шақырамыз.

Мұсылман қауымы қашанда игі іске ұйытқы болып, мұқтаж жанға қол созудан қалыс қалмайды. Ендеше сауапты іске септесушілер қатары бұл жолы да мол болады деген сенім білдіреміз.

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.