Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • тамыз

    бейсенбі

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

БАС ИМАМ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағамбетов Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білім алып жатқан имамдармен кездесті.

Кездесудің алғы сөзінде институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы  еліміздегі мұсылман қауымының, мешіт жамағаттарының рухани бай болуы мен имам-молдалардың білімді де білікті болуы жолында қызмет етіп келе жатқан Ислам институтының тыныс-тіршілігімен, «Наурыз-мамыр» оқу легінде білім алып жатқан дін қызметерлерімен жақын таныстырды.

«Ерекше айта кететін жәйт, осы оқу легінде Моңғолия елінен төрт имам «Директор атындағы тегін оқу грантына» қабылданды және де еліміздің түрлі облыстарынан араб тілін еркін меңгерген 11 дін қызметкеріне арнайы топ ашылып, қосымша бағдарлама негізінде білімін жетілдіріп, біліктіліктерін шыңдауда», – деп атап өтті Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы. Мысыр елінен арнайы келіп, имамдарымызға сабақ беріп жатқан Әл-Әзһар университетінің ұстазы шейх Мұхаммад Метвалли де еліміздің дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін шыңдап, діни саладағы мол тәжірибесімен бөлісуде.

Өкіл имам Нұрбек қажы Есмағамбетов институтта білімін жетілдіруші имам-молдаларға білім алудың маңыздылығын, үздіксіз білім жетілдіруде институттың маңыздылығын баса айтты. Жақында ғана өткен форумның және де Елбасымен болған кездесуден алған әсерімен бөлісті. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы болсын, форумдағы айтқан үндеулері болсын – барлығы Қазақстан халқының біртұтастығы мен тыныштығын көздейтінін айтты. Ал, ҚМДБ дін қызметкерлері осындай келелі үндеулерді халыққа дұрыс түсіндіріп және ұтымды пайдалана отырып, халық бірлігі мен ел тұтастығын одан әрі нығайтуға үлкен үлес қосуы қажет екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, білімін жетілдіруге келген имам-молдаларды ықылас-ниеттерін барынша шыңдап, білімге аса ден қоюға шақырды.

 Имамдардың білімін жетілдіру

 Ислам институтының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.