Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:02
  • Күн 05:51
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:29
  • Шам 20:46
  • Құптан 22:34
  • 13
  • тамыз

    бейсенбі

  • 23
  • Зуль-хиджа

    1441

«ӨМІРДІҢ ӨЗІ ӨНЕГЕ» АТТЫ ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕЛЕР БАЙҚАУЫ

Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінің «Nasihat.kz»

ақпараттық-рухани, ағарту порталының ұйымдастыруымен

«ӨМІРДІҢ ӨЗІ ӨНЕГЕ» атты

ғибратты әңгімелер байқауын жариялайды.

 

Байқаудың ережесі

Байқаудың мақсаты:

— Өмірде болған өнегелі оқиғаларды халыққа насихаттау;

— Үздік әңгімелерді мешіт сайтында жариялау.

 

Шарттары:

— Әңгіме өзегі өмірде болған оқиға алынуы тиіс;

— Бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

— Байқауға кез келген адам қатыса алады.

— Мәтін 14-ші өлшемді, Timеs New Roman қарпінде жазылуы тиіс;

— Әңгіме бір жарым беттен аспауы керек.

 

Қазылар алқасы іріктеліп алынған әңгімелерді бағалау кезінде:

— шынайлығына және әсерлі болуына;

— шығарманың мазмұны мен көркемдігіне баса назар аударады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықпен марапатталып,

 үздік әңгімелер мешіт сайтында жарияланатын болады.

 

Ғибратты әңгімелер 

 2017 жылдың 30 сәуіріне дейін

төмендегі мекен-жайда қабылданады:

Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі 6/1,

Ақмола облыстық Науан Хазірет мешіті .

Байланыс тел: 72-18-04, 8 707 394 60 90.

Электронды пошта: info@nasihat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.