Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:07
  • Күн 05:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:26
  • Шам 20:42
  • Құптан 22:29
  • 15
  • тамыз

    сенбі

  • 25
  • Зуль-хиджа

    1441

«С.Ғылмани» мешітінде сенбілік өтті (фото)

22-сәуір. Астана. Sunna.kz – Астана қаласы әкімдігінің жария еткен экологиялық аймық аясында, ҚМДБ-ның тапсырмасымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласын абатандыру, тазарту мақсатында сенбілік өтті.

Астана шаһары әлем елдерінің ең таза қалалардың бірі болып саналып келеді. Алдағы Елорда төрінде өтетін әлемдік "ЭКСП-2017" көрмесіне дайындық жұмысы - осындай тазалық шараларынан бастау алса керек. Аталмыш шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де қалыс қалмады. «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағаты имандылық ордасының ажарын аша түсу мақсатында жалпы мешіт ауласын тазалауға шықты. Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы.  

Жылдағы үрдіс бойынша имамдар бастаған, қызметкерлер қостаған және мешіт жамамғаты жиылып, мешітің ауласындағы тал, терек, шыршалардың түптері әктеп, жұма күндері жамағатымызға «жайнамаз» болған көгалды түрлі қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар, мешіт залдары да тазартылып, еңселі құлшылық ордасы көктем шуағымен бірге, түлеп, ажары құлпыра түсті.

Бас имам Жұманазар Садырхановтың бастамасына мешіт имамдары, кезекші молдалар мен sunna.kz сайтының қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысып, әсем қаламыздың таза да тартымды, көркем де көрікті болуы өз үлестерін қосты. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.