Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 16
  • қыркүйек

    дүйсенбі

  • 16
  • Мухаррам

    1441

Науан хазірет мешiтi

Науан хазірет мешiтiнің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы аяқталған.

Науан хазірет мешiтiнің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы аяқталған. Мешітті Шаяхмет, Баязит деген қала байлары жұртшылық қолдауымен салдырған.

Мешіт 1920 жылға дейін қызмет атқарып келді. Кеңес үкіметі тұсында қойма, мұражай, көрме залы сияқты қызметтерге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 ж.ж.) онда әскери бөлім орналастырылды. Ал 1947 жылдан 1974 жылға дейін Көкшетау облыстық тарихи өлкетану мұражайы, 1975 жылдан республикалық көркем сурет дирекциясының Көкшетаудағы көрме залы қызметін атқарды.

1989 жылы мұсылман қауымының өтініші бойынша мешіт намазхандарға қайтарылды.

1991 жыл күрделі жөндеуден өтті.