Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:27
  • Күн 06:07
  • Бесін 13:22
  • Екінті 18:15
  • Шам 20:26
  • Құптан 22:06
  • 24
  • тамыз

    сенбі

  • 22
  • Зуль-хиджа

    1440

«Ұлытау аудандық мешіті»

«Ұлытау аудандық мешіті» Ұлытау ауданының орталығында тұрғызылған. 2006 жылы осы ауданның азаматы, Алматы қаласындағы «Сеймар» корпорациясының директоры Марғұлан Сейсенбаев пен «Салауат» қорының президенті Дүйсенбай Әлиакбаровтың қаражатына салынған. 140 кісіге арналған. Ауласы жазық, талдар отырғызылған. Қабырғасы цементпен құйылып, сырты Өзбекстан кірпішімен өрілген. Терезелері пластик. Үлкен зал және екі бөлмеден тұрады. Үлкен залда бір мінбер бар. Мұнараға барар есік зал бұрышынан шығарылған. Еденге жайнамаз төселген. Күмбезінің биіктігі 3 метр. Күмбезде кішкене төрт терезе орналасқан. Ауласына от жағатын қазандық орнатылған, қосалқы ғимарат тұрғызылған.