Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 15
  • қараша

    жұма

  • 17
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

Мешіттер

  • «Ұлытау аудандық мешіті»

    «Ұлытау аудандық мешіті» Ұлытау ауданының орталығында тұрғызылған. 2006 жылы осы ауданның азаматы, Алматы қаласындағы «Сеймар» корпорациясының директоры Марғұлан Сейсенбаев пен «Салауат» қорының президенті Дүйсенбай Әлиакбаровтың қаражатына салынған. 140 кісіге арналған. Ауласы жазық, талдар отырғызылған. Қабырғасы цементпен құйылып, сырты Өзбекстан кірпішімен өрілген. Терезелері пластик. Үлкен зал және екі бөлмеден тұрады. Үлкен залда бір мінбер бар. Мұнараға барар есік зал бұрышынан шығарылған. Еденге жайнамаз төселген. Күмбезінің биіктігі 3 метр. Күмбезде кішкене төрт терезе орналасқан. Ауласына от жағатын қазандық орнатылған, қосалқы ғимарат тұрғызылған.
    • 2627
    • 22.05.12
  • «Терісаққан» ауылдық мешіті

    «Терісаққан» ауылдық мешіті Ұлытау ауданы Терісаққан аулында орналасқан. 2007 жылы жергілікті ауыл азаматы, кәсіпкер Бақтияр Қожахметов салдырған.
    • 2639
    • 22.05.12
  • «Әбдіғали Баржақсыұлы» мешіті

    «Әбдіғали Баржақсыұлы» мешіті Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында орналасқан. Ғибадатхананы 2008 жылы сол ауылдың тумасы, ақын Жүрсін Ерманов салдырған.
    • 2436
    • 22.05.12
  • «Болман ақын» мешіті

    «Болман ақын» мешіті Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінде ірге тепкен. Алла үйі 2008 жылы Қарсақбай кентінің перзенті Қыдырәлі Болмановтың жеке қаражатына салынған.
    • 2268
    • 18.05.12
  • 1