«Қазығұл ата мешіті» Аякөз ауданы Мамырсу ауылында бой көтерген. 2005 жылы кәсіпкер Жайық Жұмақанов қазіргі заман талабына сай етіп 80 адамға арнап салған.
«Қопа ауылдық мешіті» Аякөз ауданы Қопа ауылында 2005 жылы салынған. Оның іргесін кәсіпкер Жәнібек Жақыпов Ардақ бауырымен бірге көтерген, 120 адамға арналған.
«Таңсық ауылдық мешіті» Аякөз қаласына қарасты Тансық ауылында 2008 жылы маусым айында салынды. Мешіттің ашылуында Семей аймағының өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы сөз сөйлеп салтанатты түрде ашты.
«Мәнсүл» мешіті Аякөз қаласына қарасты Ақтоғай бекетінде (станция) салынған.Серік Мәнсүлұлы Тезековтың бастамасымен құрылыс жұмыстары 2002 жылы сәуір айында басталып,2002 жылы қыркүйекте аяқталған.
«Қосағаш ауылдық мешіті» Аякөз қаласына қарасты Қосағаш ауылының орталығында салынған. Құрылысы 2005 жылы мамыр айында басталып, 2006 жылы қыркүйекте біткен.