Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:25
  • Күн 06:06
  • Бесін 13:22
  • Екінті 18:16
  • Шам 20:28
  • Құптан 22:08
  • 23
  • тамыз

    жұма

  • 21
  • Зуль-хиджа

    1440

Мешіттер

  • «Амали Салих» мешіті

    Сайрам ауданы Жұлдыз аулында бой көтерген. Төле би - Шымкент тас жолының бойында тұр. Ол қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың демеушілігімен салынған.
    • 1766
    • 17.05.12
  • «Тәйтелі» мешіті

    Отырар ауданы Шәуілдір елді мекенінің «Автобаза» мөлтек ауданында орналасқан.
    • 1836
    • 17.05.12
  • «Шеңгелді» ауылдық мешіті

    Отырар ауданы Шеңгелді елді мекенінде салынған. Ғимарат кеңестік дәуірде 1980 жылдары кеңшар басшыларының ұйымдастыруымен пайдаланылуға берілген.
    • 1721
    • 17.05.12
  • «Көксарай» ауылдық мешіті

    Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде 2000 жылы салынған.
    • 1741
    • 17.05.12
  • «Меңлібай қажы» мешіті

    Отырар ауданы Ескі Шілік ауылында бой көтерген. Алла үйін аудан әкімі Әлімжан Құртаев 1995 жылы өз қаржысына салдырған.
    • 2080
    • 17.05.12
  • «Арыстан баб» мешіті

    Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында орналасқан. Ежелден ғылым мен білім, мәдениет һәм діни-руханият ордасы болған тарихи жерде көпке дейін осы заманғы сәулет үлгісімен салынған мешіттің жоқтығы жұрт еңсесін түсіріп келді. Осыны ескеріп академик Мұхтар Әлиев 2003 жылы өз қаражатына мешіт салдырды.
    • 1881
    • 17.05.12
  • «Мұхтар Әлиұлы» мешіті

    Отырар ауданы Темір кентінде бой көтерген. Ғибадатхана 2006 жылы ашылған. Алла үйін академик Мұхтар Әлиев салдырған.
    • 1869
    • 17.05.12
  • «Ораз баба Аманхан» мешіті

    Отырар ауданының Шытты елді мекенінде орналасқан. 2009 жылы Әкен Аманханұлының демеушілігімен салынған.
    • 1524
    • 17.05.12
  • «Баянбай ата» мешіті

    Отырар ауданы Ынталы елді мекенінде орналасқан. 2008 жылы ол Мәнет Құрманбековтың демеушілігімен салынып, пайдалануға берілген.
    • 3553
    • 17.05.12
  • «Досыбай ата» мешіті

    Отырар ауданы Аққұм елді мекенінде орналасқан. Құдай үйін жергілікті кәсіпкер Абжанов Амантай 2008 жылы салдырған.
    • 1811
    • 17.05.12
  • «Қайқыбай ата» мешіті

    Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби туып өскен Оксизда-Уасиджде бой көтерген. Алла үйі қасиетті рамазан айы қарсаңында 2008 жылы ашылған.
    • 1854
    • 17.05.12