Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 06:05
  • Күн 07:30
  • Бесін 13:05
  • Екінті 16:38
  • Шам 18:29
  • Құптан 19:55
  • 15
  • қазан

    дүйсенбі

  • 4
  • Сафар

    1440

Елбасы: Ораза айт қабыл болсын!

  • 196
  • 0
  • 25.06.17

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Ораза айт мерекесіне орай Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі.

Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі.

Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын!

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ораза айт қабыл болсын!

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.