Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:20
  • Күн 05:15
  • Бесін 13:25
  • Екінті 18:53
  • Шам 21:26
  • Құптан 23:21
  • 18
  • шілде

    бейсенбі

  • 15
  • Зуль-ка’да

    1440

Рашид Алпысбаев: Адамның амалы ниетке де әсері мол

  • 264
  • 0
  • 22.02.17

Аса қамқор Алланың атымен бастаймын! 

عن أمير المؤمنين أبي حفص عمر بن الخطاب رضي الله عنه ، قال : سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول : ( إنما الأعمال بالنيّات ، وإنما لكل امريء مانوى ، فمن كانت هجرته إلى الله ورسوله ، فهجرته إلى الله ورسوله ، ومن كانت هجرته لدنيا يصيبها ، أو امرأة ينكحها ، فهجرته إلى ما هاجر إليه ) رواه البخاري ومسلم في صحيحهما

Тәржімасы:  «адам баласының жасаған істерінің дәрежесі, мәртебесі кісінің ниетіне қарай болмақ.  Әр кісінің амал өлшемі, қарымы  ниетіне қарай. Алла тағала  хәм елшісінің  ризалығын мақсат тұтып, мадинаға қоныс аударушыларға Алла және расулі үшін хижрат еткен сауабы жазылады.  Дүнияуи, не болмаса бір әйелмен үйлену мақсатында мадинаға қоныс аударса, олар өздерінің мұрат еткен нәрселерінің яғни (дүние-мүлк не болмаса бір қызға үйлену) ниеті  ғана болады.

Мекке шахары жауланып алынғанға дейін Мадина қаласына  Пайғамбар (с.ғ.с)  жанына қоныс аудару  сауабы мол амалдардан болатын, мекке қаласы фатх етілгеннен кейін Расулуллаһ (с.ғ.с) : « الفتح بعد هجرة لا» яғни Мекке жауланғаннан кейін хижрат тоқтатылды-деген сөзіне қарай  хижраттың алдынға қарағанда  дәрежесі (үкімі) түсті.

Риуаяттарға қарағанда  бір кісі әйелмен отбасы құрмақ ниетімен мұсылман болып, хижрат жасаған еді. Ол кісінің хижратынан асыл мақсат пайғамбар(с.ғ.с) қасында болу емес бәлкім әлгі әйелмен үйлену еді. Пайғамбар (с.ғ.с) ол кісінің ниетін білгеннен кейін жоғарыдағы хадисті айтылуына себеп болған екен.

Хадисте Мадина хижрат ету қаншалық жеке дара айтылғанмен мақсат етілген дүние жалпылама. Әрбір іс мейлі ол амал тәнмен, тілмен не болсын, азды-көпті болсын кісінің ниетіне қарай болмақ. Кісінің ниеті бұзық болса, ісі де бұзық, ал ниеті дұрыс болса, амалыды дұрыс болады.

Кісі баласының еркімен жасалған әрекеттері, ілім, ирада, қуат деген үш нәрсемен жасалады. Өйткені  адам баласы өзі білмеген нәрсені ирада етпей (қаламай) істемейді. Мысал: шөлдеген кісі  шөлін су бастынын біліп, содан кейін барып өз қалауымен су ішеді. Осы тұста (шөлдеген) кісінің су ішуі әрекеті үш нәрсемен орындалды. Олар: ілім, ирада, қуат. Осы үшеуінен ирада,  яғни қазақи  тілмен  айтқанда қалау, ол адамның ниеті саналады.

Ал ниет не нәрсе деп сұралса,  «ілім» білу арқылы бір істі жасауға көңіл қоюды  айтады.  Сол себепті ғибадат уақыттарында тілмен айтудың мағынасы жоқ. Ондағы әуелгі нәрсе ниет емес, ниеттің шығар тегі көңіл. Көңлімен екінті намазын оқымаққа қасд (ниет)еткен халде ақшам намазына  ниетін айтса,  не болмаса еш нәрсе оқымай тік тұрса, ешқандай зарары болмайды. Бірақ екінті намазын оқығанда тілімен екінті намазын оқып, көңілі ғапыл болса (ниет етпесе) намазы оқылған болып есептеледі. Намазға бастағанда  расулуллаһ және сахабаларының ашық жасырын түрде тілімен ниет еткендері риуаят етілгенімен, балаларға көңілімен ниет етуді үйрету керек. Тілмен оқығанды (ниет еткен)ге әдеттеніп, көңілімен ниеттен ғапыл қалмасын.

Әбу Ханифа мазхабында намаз, ораза, қажылық және зекет сияқты негізгі құлшылықтар үшін ниет шарт, басқа ғибадат түрлеріне себеп саналған ғибадаттар (дәрет) секелді  Ал, тямумнан басқа. Мысалы: ниет етпей алынған дәретпен намаз оқуға болады. Олай болса да , сауап болуы үшін ниет лазым. Мылалы: ниетсіз және ниетпен алынған дәрет екеуі де намазға жарамды. Бірақ біріншісі үшін сауаб жоқ, ал  екіншісінде ниет болғандығы үшін сауап бар.сол себепті негізгі құлшылық, не болмаса құлшылық жасауына себеп болған әрбір ғибадаттарда  «ниет»  Аллаһ тағалаға жақындықты мақсат ету керек. Ниеттен басқа ғибадат түрлері маңызды болғаны сиақты ниетті де дұрыстау аса жауапты іс. Ниет көңіл ісі болғандықтан онда  «риа» (өзге көрсін)-деуге орын жоқ. жәннәт пен тозақта мәңгі қалу ниет жазасы деушілер де бар. яғни, мүмін кісі жәннәтта мәңгі  балуды қалса, дүниеде өмір сүргенде мәңгі мүмін болуды ниет еткендегі, бір кісі тамұқта (тозақта) мәңгі қалса, дүние де өмір сүрген кезінде, әрдайым күнәлі істерді істеуді ниет еткендігі үшін болады. Ол үшін жарылқау тілеу керек. Күнәларды жоққа шығарса, ниет жоқ нәрсе,ні бар қылады. Пайғамбар (с.ғ.с) бір соғыста «мадинада бір қауым бар үзір себебімен бізге сапарлас(жолдас) бола алмады. Бірақ біздің әрбір ісімізде бізбен бірге». (сахих Бұхари 3/213) мағынадағы сөзі мадинадағы қалған кісілердің қалада қалғанымен олардың ниеттеріне қарай пайғамбар (с.ғ.с) мен бірге жорықта жүру сауабына лайық болады.

Қандай жағдайда болмасын амалда, ғибадатта әрі басқа істердің рухы ниет.

Кісі малын ұрлау ниетімен  өз малын алған кісі кінәлі болып, өз малын алу ниетімен кісі малын алған адам шариғат және ақлақ назарында айыпталмайды.

Ниетіне қарай  бір іске көптеген сауап, не болмаса күнәға белшесінен батуы мүмкін. Мүбах істер ниет себепті ғибадат не болмаса, қылмыс(кінәлі) іс саналады. Бірақ парыз және харам істерде ниеттің қатысы жоқ. Жақсы ниетпен арам істі орындау мүмкін болмағаны сияқты, ниеті бұзықтың, ниетті сылтау етіп парызды істерді қалдыруға болмайды.

Ниет еткен соң бір іс жасалсын-жасалмасын ол жұмыста сауап бар. Бірақ ниет етпеген істе сауап жоқ. Кісі көрсін деп (рия) жасалған істе сауап болмай қалуы  мүмкін. Бірақ ниетте мұндай иқтимал жоқ. «мынанша ақшам болса еді мектеп салып, жетім және пақыр балаларды оқытатын едім» деген кісі үшін ниет еткеннің қарымы ретінде сауап болғанымен, ақшасы болып істеймін деген жұмысын істегеннен кейін алдыңғы ниеттің сауабындай сауапты болуында шүбүха бар. рия деп танымаса міндетті түрде сауабы мол болмақ. Бірақ жалпы айтқанда риядан сақтану керек.

Рашид Алпысбаев

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің найб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.