Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 17
  • маусым

    дүйсенбі

  • 13
  • Шавва́ль

    1440

Алтынбек Ұтысханұлы

ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлім меңгерушісі

  • 2916
  • 9
  • 23.04.15

Өмірбаян

Құрметті оқырмандар, Жұртшылық назарына Құран мен Сүннеттер, Хадистер мен Қазақ ғалымдарының өнегелі сөздері арқылы Ислам діні туралы шынайы білім ұсынып отырған, «Sunna.kz» ақпараттық, ағартушылық, танымдық  порталында интернет-конференция өткізу туралы редакция тарапынан болған ұсынысты қабылдай отырып, өздеріңізбен бірлесе жұмыс істеуге әзір екенімді білдіремін. Менің бұл ниетіме сіздер оң ықылас танытады деген сенімдемін.

Сіздермен осында интернет-конференция өткізуге  жағдай туғызған портал қызметкерлеріне ыстық ықыласымды білдіремін.

Ізгі тілекпен, Алтынбек Ұтысханұлы

Пікірлер (9)

  • Ассаламу алейкум! Ережеп айында ұстаған оразамыздың ауызашар мен ауызжабарда окылатын дұғаны айтасыз ба?

  • Уағалайкумуссалам! Ережеп айында ұстаған оразаға мына дұғаны айтса болады.
    Сәресіде айтылатын дұға:
    نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَجب مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
    Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри ражаб минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
    Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

    Ауыз ашарда оқылатын дұға:
    اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِ رَجب نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ
    Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри ражаб нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».
    Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

  • Менің білгім келгені, Осыдан бірнеше күн бұрын Ағамның үйіне қонаққа бардым, сол жерде жеңгем бір кітапан баласына "Дұға тілектерімді үйренемін" деген Түркияның баспасы. ҚМДБ және Агенттік жағынан да рұқсаты жоқ кітап екен. Ішіне үңіліп қарасаңыз суреттермен толтырылған және жастайымыздан түріктің киносынан да балаларымыздың ертегісіне жалықтың. Олар бізді өздеріне осылай тәрбиелеп алып жатырғанын сіздер неге қадағаламайсыздар? Менің талабым осындай кітаптардың алдын алуларыңыз және осы туралы бір мәлімдеме жасауларыңыз!
    Бұл кітап қашан және қалай кіріп кеткені туралы айтып берсеңіз?

  • Сұрағыңызға Алла разы болсын! Егер ол дұға кітабында ҚМДБ және Агенттік жағынан да рұқсат жоқ болса абзалы ҚМДБ-ға сараптама бөліміне бергеніңіз дұрыс. Сараптама бөлімі ол кітапты қарап шыққаннан кейін ғана дұрыс, бұрыстығын айта алады. Ал ҚМДБ кітаптың елге қалай кіріп кеткені жөнінде нақты мәлімет беретін мекеме еместігін ескертеміз.

  • Осыдан бірнеше күн алдын хадистер жинағын оқып отырған едім. Сол жерде Бұхаридын "Ешрибе болімінде" айтылған бір хадисте "Күмістен жасалған ыдыстан су ішкен болса, қарнына отты толтырған дай" мағынада бір хадис оқыдым.

    Осы бұхаридың Китабул Хумус бөлімінде " Пайғамбарымыз Мұхаммедтің күмістен бір стаканы болғанын айтады"
    Енді осы хадистің қайсысына сенгеніміз және амал еткеніміз дұрыс? жауабыңызды беретініңзге сенімдімін.
    Өйткені мен бұл сұрақты бернеше жерге жаздым жауап келмеді.

  • Технологияның дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. осындай заманда кімнің не істегенімізді ойлануға мұршамыз болмай қалдығой.
    Менің сұрайын дегенім. барған жерімізде, жүрген жерімізде тегін және парольі жоқ wifi - (интернет) қолданамыз. Осыны қолдануымыз қаншалықты дұрыс. ақшасын төлемедік ол бір. екіншісі де рұқсат алмадық. Ақыретте сұралмайда ма бұл амалымыздан?

  • Ассаламуалейкум. Алтынбек бауырым.
    Мен өскен қоғамда орыс ұлты басым болғандықтан, солардың күнделікті ісі бізді де баурап алғанын жасыра алмаймын. Олардың малдарына ат қою, адам қайтқанда ішімдік ішу, гүл апару секілді іс қимылдары бізге орынды көрінетін.
    Адам қайтқанда ішімдік ішуге болмайтынын білдім. Алайда гүл апаруға бола ма болмайма деген сұрағымның жауабын әлі күнге дейін ала алмай жүрмін. Өзің жауап берерсің деген үміттемін.

  • "Ғұсыл дәретін алғаннан соң. дәрет алған адам безден емес". - деген хадис бар ма? бұл хадисті қалай түсінсек болады.
    Бұл хадисті "Табаранидің Мусул" кітабында бар екен. үкімі туралы айта кетсеңіз!

  • Ассаламуалейкум Алтынбек бауырым. Мен осы соңғы уақытта мәзһаб, сенім туралы кітаптарды іздеп оқитын болдым. Сенім тұрғысында жазылған кітаптар біздің тілімізде жоқтың қасы. Орыс тілінде бар екен енді. Енді осы кітаптардан оқып отырып түсінбеген жерлерім бар еді соны саған жазуды жөн көрдім.
    Адам қайтқанда, жерленеді. жерлегенде "Мункер мен некир" келіп сұраққа алады деп сенімге кіргізге Еһли Суннет ғалымдары. бұған сенеміз. Ал осы сенімге күмәнмен қарайтын Муғтазиле деген ғұламаның осы жайында айтқандарын маған айта аласызба? Алтынбек бауырым сұрағым жауапсыз қалмайды деген үміттемін. Мен имамдардан сұрасам олар білмейтінін айтты.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.