Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 17
  • маусым

    дүйсенбі

  • 13
  • Шавва́ль

    1440

Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы

ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

  • 2929
  • 9
  • 20.11.13

Өмірбаян

Ассаламуғалайкум, құрметті жамағат! Сіздерге Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Мешітіміздің ресми поpталы арқылы сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Асыл дініміз ислам мен ата дәстүріміз төңірегіндегі көкейлеріңізде жүрген түйткілді мәселелер туралы сұрақтарыңызға бар күш-жігеріммен жауап беруге тырысамын.
Алла Тағала тура жолға салып, баршамызға иман нығыметін нәсіп еткей!

Пікірлер (9)

  • Ассаламуғалайкум, құрметті Бас имам! Біз мешіттен екі діңгектің (тіреу) арасына тұрмайтындарды жиі көріп жүрмін. Сонда, шынымен де діңгектердің арасына тұрып намаз оқуға болмай ма?

  • Уағалайкум ассалам уа рахматулла уа баракатуһ! Құрметті Айгүл Даулетбаева, әуелі, жолдаған сауалың үшін алғысымды білдіремін. Мешітте екі діңгектің ортасында намаз оқуға болады. Шариғат бойынша, мешіт тіреусіз соғылсын, яки тіреулердің арасында намаз оқуға болмайды деген шешім жоқ. Өйткені күллі ислам әлемінің қыбыласы Кағба ішінде де тіректер орналасқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Кағбаға кіріп намаз оқығанда екі діңгектің арасында намаз оқығанын баяндаған хадистер бар.

  • Аға, сізден сұрайын дегенім. Мен қазақы үлгідегі киімдерді киейін десем бір танысым: "Қара көйлек пен қара орамал тартуы керек" дейді. Мен қазақы ою-өрнегі бар ұлттық киімдер кигім келеді. Олай істесем шариғатқа сай бола ма? Танысымның айтқаны туралы не дейсіз?

  • Қазақы үлгідегі киімге келсек, ниетіңізге Алла разы болғай. Әйелдердің киім үлгісіне қатысты Ислам дінінде бұйырылған шарттар Құран аяттарында нақты белгіленген. Онда әйелдердің тек әурет жерлерінің жабылу мәселесі ғана қарастырылған. Ал сәндік үлгісі мен түсіне қатысты парыз болып бекітілген қағида жоқ. Осыған орай, ислам аясында қалыптасып дамыған Араб, Парсы, Үнді немесе Түрік өркениеттеріне көз салсаңыз, әр мәдениеттің өзіндік салт-дәстүрлеріне сай киім үлгілерінің таралуын байқауға болады. Олардың әр қайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай, мәдениеттеріне сай болып тігілгендігін көруге болады. Жалпы Қазақтың мәдениеті бай мұра. Сол себепті, ұлттық құндылықтарды ескере, киіміңізді әшекейлеу ислам негіздеріне қайшы болмақ түгіл, құптарлық бастама. Алла істеріңізге сәттілік нәсіп еткей!

  • Жауабын таба алмай жүрген мәселем бар еді. Тойларда болғанда кейбір жігіттер "беташар" жасағанды жақтырмай, "дінге жаңалық енгізу" деп жатады. Сонда дінді ұстанған адам дәстүрдің бәрін де тәрік ету керек болғаны ма?

  • Сұрағыңыз өте орынды, қойғаныңыз үшін Алла разы болсын. Бүгінде қоғамымыз арасында жат пиғылды, бұрыс көзқарасты діни ағымдардың белең алғандығы белгілі. Олардың ішінде Исламды жамылып, Қазақ халқына қарсы іс-әрекет жасап жатқандар да баршылық. Өкінішке орай, сондай ағымдардың қатарына кірмесе де, діни сауатсыздығынан сондай ағымдардың пікірлерін ұстанып жатқан бауырларымыз да жоқ емес. Қазақ ежелден мұсылман болған халық. Қасым ханның қасқа жолы да, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» да ислам шариғатына негізделген болатын. Сіздің сұрағыңызға келсек, қазақта «беташар» деген керемет дәстүр бар. Бұл дәстүр толығымен ислам аясында пайда болған. Беташардың мәнісі – ауылға, руға жаңадан келін келіп түскенде, қиылатын некені ел-жұртқа жариялап, қуанышты хабарды халыққа жеткізу. Расында, мұндай шара Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне негізделген. «Беташар» «алғашқы той» дегенді білдіретін сөз. «Тойдың алғашқысы осы болсын, мұнан соң келіннің арқасыннан тойлар бола берсін» деген мағынада ғой. Ал, жаңадан түскен келіннің бетін ақ орамалмен көлегейлеу салтының мәнісі «бізге бөтен едің, ал енді біздің туысымызға айналдың, бізден болдың» деген мағыналарды қамтиды. Ислам шариғатындағы нормаларды зерделеген адам, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) исламға қайшы келмейтін, бәлкім соның шеңберіндегі моральдік принциптерімен үйлесетін салт-дәстүрлерге тыйым салмағандығына көз жеткізеді. Алла Тағала біліміңізді асырып, иманыңызды күшейткей!

  • Мешітте жұмаға барғанда көп көріп жүрген жәйіт еді. Намаз оқу барысында кейбір жігіттердің арқасы ашылып қалып жатады. Сонда артында тұрған адамның абайсызда сол ашылған әурет жеріне көзі түсіп кетсе, намыз бұзыла ма? Ал, арқасы (мықыны) ашылып қалған ер кісінің намазы жайлы не айтасыз?

  • Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Бабахан, ер адамның әуреті кіндіктен төмен тізесін қоса, аралықтағы жер екендігі әрі әурет жерлер намазда жабық болуы тиіс екендігі белгілі. Намазда тұрған ер немесе әйел кісінің әурет деп саналатын ағзасының төрттен бірі ашық қалса, намазы бұзылады. Ашылған жерін жауып намазын қайта бастауы шарт, дәрет жаңартпайды.

  • Ассаламуғалайкум! Мен Астана қаласынан боламын. Мешіттеріңізді жақсы білемін. Жұмыстарыңызға Алла береке берсін! Мешіттеріңізде ата дініміздің құндылықтарын насихаттау бағытында қандай игі іс-шаралар атқарылып жатқандығын айтып бересіз бе? Алдын ала рахмет айтамын.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.