Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 17
  • маусым

    дүйсенбі

  • 13
  • Шавва́ль

    1440

Заңқоев Қалижан Байырбекұлы

Астана медресесінің директоры

  • 4055
  • 6
  • 11.09.13

Өмірбаян

Құрметті оқырмандар, Жұртшылық назарына Құран мен Сүннеттер, Хадистер мен Қазақ ғалымдарының өнегелі сөздері арқылы Ислам діні туралы шынайы білім ұсынып отырған Cәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты «sunna.kz» порталының Интернет конференциясында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Сонымен қатар, қазақ тілді мұсылман қауымды толғандырып жүрген сауалдарға қанағаттандырарлық жауап беруге әзір екенімді білдіргім келеді.

Құрметпен: Заңқоев Қалижан

Пікірлер (6)

  • Ассалаумалейкум! Менің сұрайын дегенім, шариғатпен амал жасау міндетті және сауабы да бар. Ал түске сеніп онымен амал жасаудың сауабы бар ма?

  • Алланың құлдарына нәсіп еткен көп сыйларының бірі – шынайы түс. Шынайы түс - айқын есте қалатын түстер. Бұлар Алла Тағала тарапынан не сүйінші, не ескерту бабында көрініс табады. Бұл - түстер болашаққа түскен сәулелер. Расул (ғ.с.с) Пайғамбарлығының бастапқы кезеңінде шынайы түстер алты айдай жалғасқан еді. Пайғамбарымыз хадисінде: «Уақыт жақындаған сайын мүминнің түсі еш жалған болмайды. (Көрінгеніндей іске асады.) Мүминнің (шынайы) түсі – пайғамбарлықтың қырық алты бөлігінің біреуі. Пайғамбарлыққа жататын ешбір нәрсе жалған болмайды» - деген. (Бухари, Таьбир, 26; Муслим, Рүя, 6)
    Шынайы түстер лайықты адам тарапынан жоруын қажет етеді. Түс ғайып ақиқаттарды білу жолдарының бірі болып саналады. Пайғамбарымыз таң намазынан кейін, кейде сахабаларының көрген түстерін тыңдап, жоритын. Болашаққа байланысты түстен көрініс тапқан істерді түсіндіретін.
    Расында, көрген немесе көрсетілген түске амал етілмейді. Түстер жорылғаннан кейін, жақсылыққа амал етіледі. Дұрыстыққа жорылып болған жағдайда амал етудің үлкен сауабы бар.
    Пайғамбарымыздың хадисінде: «Түс алғашқы жорушының айтуы бойынша жарыққа шығады» - деген. Түсті жори алмайтын адамдарға айтпаған жөн. «Алғашқы жору маңызды. Кейінгілердікі жарамсыз» - деген ғұламалар.
    Атам қазақтың мақалында: «Адамның түсі оңбаса, ісі оңбайды» - деген. Сондықтан, шариғатта бұйырылған амалдарды шынайы орындап, жақсы салихалы амалымыз арқылы шынайы түс көруімізді Жаратушы нәсіп етсін.

  • Бұрындары Екі үстіннің ортасында тұрып намаз оқуға болмайды дегенді естімеппін де, білмеппін де. Біздің мешітімізде осы екі сүтіннің арасында намаз оқымаймын дегендер пайда болды. Бұл амалға дәлеліміз бар дейді, Сонда біздің намаздың халі не болмақ. Осының анық-қанығын айтып берсеңіз.

  • Мұсылмандар басқа дін өкілдеріне қыз бермейді, ал қазіргі дәстүрлі болып табылмайтын «Сәлаф, уахаб, дағуатшылар, таблиғшылар және мәзһаб ұстанбайтын» азаматтармен азаматшаларға құда түсуге бола ма?

  • Үйлену тағдыр ма. Яғни, Алла тарапынан пешенемізге кіммен үйленетінімз жазылған ба? Олай болса неге мен жігіт таңдап әуре болам. Осы жайында толыққанды жауап беріңіші. Oтбасы құрайын десем қиналып жүрмін.

  • Тағдыр - Ол пешенеңе жазылған, оны өшіре алмайсың. деп көп естимін менде. Алайда осы тағдыр жазылатын күр болады екен осы жайында және тағдырымды қалай өзгертем. озгертсем болама ?

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.