Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 22
  • қазан

    сейсенбі

  • 22
  • Сафар

    1441

Тұрғанқұлов Таңжарық

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы «Дінтану орталығының» меңгерушісі

  • 3602
  • 26
  • 08.04.13

Өмірбаян

Пікірлер (26)

  • Ассалаумағалейкум Таңжарық мырза! Өзіңізге қояр сауалым. Соңғы жылдары еліміздің әр өңірлерінде орын алған терорлық іс-әрекеттер туралы болмақ. Айтыңызшы осы Ислам дінінде терроризмге, экстремизімге орын жоқ деп жатады. Алайда Таразда болған қанды қырғын және тағы басқа жерлерде осыған ұқсас әрекеттердің орын алуына кімдер себепші болып отыр деп ойлайсыз?

  • Әрине дұрыс айтасыз Ислам дінінде ешқандай адамзатқа қиянат жасауға орын жоқ. Бұл туралды Аллаһ Құран Кәрімнің Маида сүресінің 32-айтында былай дейді: «Бір адамды өлтірген бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең. Ал, бір адамды құтқарған бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең»,- деген аяттың өзінде дініміздің барлық жамандыққа қарсы екенін білдіріп отыр. Ал еліміздегі орын алып жатқан тероррлық әрекеттердің барлығын тек діни сипаты бар деп ғана баға беруге болмайды. Оның астарында әлеуметтік - экономикалық саяси да астары бар екені анық. Ол туралы дінтанушы ғалымдар мен саясаттанушылар ой қозғап жатыр.

  • Облыс, аудан және ауыл имамдарын аттестациядан өткізу қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Имам молдалардың бұған деңгейі жетеме?

  • Менің ойымша имамдардың білімдерін жеткілікті дәрежеде жетілдірмей жатып сараптаудан қайта-қайта өткізе бергеннен еш нәтиже шықпайды. Қайта олардың діни танымымен қоса ғылыми танымдарын да арттыруға күш жұмсау керек. Қазіргі біздің қоғамның талабы осы.

  • Ата-баба жолы исламды ұстанып мұсылманбыз деп қоя салатын жандардың қатарынан бөлініп 5-парызды орындап та жүргеніме біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде мен әр қалаға барғанымда теріс ағым деп танылған (сәлафилік және уаһһабилік) жолын ұстанған азаматтарды мешіттерде көп көрем. Осы азаматтар мешітке келген жамағатты өз қатарларына дағуаттап жатады. Имамдар бұлардың осы әрекетіне еш кедергі болғысы келмейді және індемей үйіне тайып тұрады. Осы азаматтарды мешіт жанына жолатпау туралы бір шешім шығару керек сияқты?

  • Бұл біздің елдегі діннің күрделі құбылысқа айналуына себеп болып отырған басты проблеманың бірі. Бұл жерде біз діни басқармаға сын айтайын деп отырған жоқпыз. Бұл мемлекетіміздегі дін саясатының дұрыс жүйеге түсіп үлгермей жатқандығының көрінісі деп айтар едім. Ал қандай теріс бағытта жүрген азаматтарға сен мешітке келме деп айтуға ешкімнің құқы жоқ. Мешітке ғайыр дін келсе де ашық болуы керек. Бірақ, сол теріс жолды уағыздайтындарға мешіттегі дін басқарма өкілі оның қызметіне ешкімнің мұқтаждығын туғызбайтындай жағдай жасауы тиіс. Әрине, оған жоғары біліктілігі, ақыл-парасаты терең білімі арқылы ғана ықпал ете алады.

  • Мен мемлекеттік қызметте жұмыс атқарып кележатқаныма бір шама уақыт болды. Намазымды толық оқи алмасамда салт-дәстүрімізге және исламға жат қылықтан аулақпын. Алайда бір мұсылман баурымыз айтады «Галстук тағу исламға қайшы» неге деп сұрағанымда «Галстук христиандардың кіресіне ұқсайды және мұсылмандар оларға ұқсамауы керек» деп жауап берді. Мен енді қазақ мұсылманы ретінде галстукты тағуым керекпа әлде тақпауым керекпе ?

  • Исламдағы басты өлшем ол галстук тағу немесе тақпау емес. Діндегі басты өлшем жан дүниенің тазалығы. Сіз не кисеңіз де Аллаһқа иман еткен мұсылмансыз және өз шамаңыз келгенше оның бұйрықтарына бой ұсынып жүрсіз. Мұның өзі сіз үшін үлкен жетістік. Галстук тағу христиандар да болмаған ол қазіргі қоғамда қалыптасқан эстетикалық норма. Галстук тағу мұсылмандыққа қайшы деу діни сауатсыздықтан туындаған мәселе.

  • Біз тәуелсіз елде, еркіндік ішінде, бағымсыз өмір сүріп жатқан хылықпыз. Ата-бабаларымыздың белгілі бір қысымы тәуелді - тәуелсіз өмір сүргені тарихтан белгілі. Кәзіргі қоғам қаласа орыс тілін қаламаса қазақ тілін сөйлейді, Қаласа кийінеді қаламас тыр жалаңаш жүре береді. Менің негізгі Сізден сұрайын дегенім. Осы қай жерге барсаңда немесе үйде отырсаңда теле арналардан «ханафи мәзхабын ұстаныңыздар» деп улап-шулап жатады. Қазақтар осы ханафи мазхбын ұстану керек деген ұғым қайдан пайда болған?. Кім қай мәзхабты қалайды соны ұстана берсе қайтер екен? Соңғысы да Ханафи мазһабы басқа мазһабтардан артықшылығы неде ? жоғарыдағы үш сұрағыма қанағаттарлықтай жауап беретініңізге сенімдімін. Құрметпен Алдана

  • Мазхаб деген сөздің мағынасы жүретін жол, бағыт бағдар немесе мектеп дегенді білдіреді. Мазхаб өзі ішінде саяси, сенімдік және құқықтық болып үшке бөлінеді. Сізге керегі соның ішіндегі құқықтық төрт мазхаб. Мазхаб ұғымы пайғамбарымыздың кезінде болмаса да кейін Ислам дінінің басқа аймақтарға таралу себебінен туындаған құқықтық мектептер. Себебі әр халықтардың геогрфиялық орналасқан ортасы біркелкі болмауынан оның климаттық ерекшеліктері мен өмір сүру дәстүрлері басқа болғандықтан осы төрт мектепті әр мұсылман халықтары өз дүниетанымдарына сай таңдаған. Соның ішінде біздің ата-бабаларымыз осы әбу Ханифа мазхабына таңдау жасаған. Бұл мазхаб біздің ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетіміздің түп негізі саналады. Сондықтан біздің шариғаттағы жолымыз әбу Ханифа дейміз. Бұл құықтық мектептердің бір бірінен сенімдік жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек танымдық, құқықтық жағынан аздап қана айырмашылықтары бар. Осы ерекшеліктері үшін барлық мазхабтар бір-бірін еш теріске шығармайды. Басқа мазхабтардан Ханафи мазхабының айырмашылығы барлық құқықтық мәселелерге кеңінен қарастыруғы тырысады және бір мәселе төңірегінде ол Құранда барма, жоқпа деп емес сәйкеспе деген қағидаға көп көңіл бөлуінде. Осындай Ислам құқығындағы артықшылығы үшін Ханафи мазхабын әлемдегі мұсылмандардың жартысына жуығы ұстанады.

  • Ескіден жастардың сақол қойғанын көрмектүгіл естімеуші де едік. Алайда қәзіргі таңда естімек түгүл көріп жүрміз. Сақал қойған жастардан сұрасам «сақал қою міндет» деп жауап берсе Имамдар бұл пікірге қарсы. Ағайн туыстардың да балдары сақал қойған сынай танытты. Осы азазаматтарға сақалыңды алып таста кейіндеу шал болғанда қоярсың деп өсиет айтсам күнәһар болмаймынба ?

  • Сақалды кез-келген діндегі адамдарда қояды. Сондықтан сақалды ислам дінің бір үкімі секілді көрсету қате пікір. Ал, хз. Пайғамбарымыздың да сақал қойғаны белгілі, бірақ бей-берекет қойыңдар деп міндеттеген хадисі еш жерде жоқ. Керісінше «сақал мұрттарынды бастырып, әдемі болып жүріңдер» деген өсиеттері бар. Сіз сақал қойсаңыз да, қоймасаңыз да мұсылмансыз. Мұсылмандықтың белгісі сақал емес, ізгі, жақсы амалдар мен жүректің тазалығы. Сақал қоюдың да шариғатта өз орны бар оныңда қадірін біздің ата-бабаларымыз жақсы білген. Сіз дұрыс айтасыз, қазақ халқының мәдениетінде сақал қою үрдісі үлкен кісілерде, жасы қырықтан асқан ақылы мен білімі толысқан, өмірлік тәжірбиесі мол азамттар қойып. оларды ақсақал деп төрге оздырып, ақыл кеңес беретін кісілердің сақалы болған. Ал жас жігіттер болса мұрт қойған. Оларды қияқ мұртты секілді аттармен атағаны белгілі. Қазіргі жастарымыздың сақал қоюды дінге апарып тануы әрине қоғамда мұсылмандар арасында іріткі тудру үшін жасалынып отырған амалдардың бірі. Сондықтан Сіз ағйыныңыздың баласына, « сақал дінде рұқсат берілген бірақ міндет емес. Салт-дәстүрімізге сай, және қоғам ішінде алауыздық тудырмау үшін сақал қоймағаның абзал» деп өсиет айтсаңыз күнаһар болмайсыз. Діни шариғаттағы әрбір рұхсат етілген істерді өз орнымен жасай білуіміз керек.

  • Мәзһабтар қалай пайда болған?

  • Сіздің сұрап отырған мазхабтарға Мұхаммед Пайғамбар дүне салған соң, әзіреті Әлидың заманында бөліну пайда болса, Омядтар кезеңінде мазхаб атауы еңгізледі. Аббаси мемлекеті құрылу тұсында құқықтық мәзһабтардың қажеттігілігі туындаған кезең еді. Себебі осы уақыт ішінді Ислам діні басқа аймақтарға да тарала бастаған еді. Сол халықтардың георграфиялық-климаттық ерешеліктері, өмір сүру формасы, ойлау жүйесі, менталитеті және физиологиялық ерекшеліктері әр-түрлі болғандықтан осы құқықтық мәзһабтардың пайда болуына әсер етті. Бұл мәзһабтардың айырмашылықтары тек құқықтық жағдайда ғана. Бірақ барлығы бір-бірін дұрыс деп қабылдайды. Ислам діні қазақ жеріне келген жылдардан бастап, біздің халқымыз Ханафи мәзһабын ұстанып келеді. Осыны жадымыздан шығармауымыз керек.

  • Ислам дінінде отарлау саясаты бар емес пе?

  • «Ислам тарихында мұндай жағдайлар болған. Бірақ, ондағы саясат мүлде бөлек. Дінді насихаттау жолында алдымен ескертіледі егерде ол мемлекет қабыл етсе бейбіт жолмен шешуге тырысады. Егерде қарсы келіп, шабуыл жасаса ғана соғыс жариялаған. Егерде күші басым болып, жеңіп билік жүргізсе Ислам дінін насихаттаған. Қабылдаса бейбіт өмір сүрулеріне жағдай жасаса, қабылдамаған жағдайда діни төзімділікті сақтап мал-жандары мен ар-ождандарына қорған болған. Сол үшін мұсылман емес халықтар «жизйе» және «хараж» салықтарын төлеп тыныштықта өмір сүрген. Сондай-ақ жергілікті халықтың мәдениетін, өркениетін тас-талқан етіп қиратып жойып жібермей, керісінше оны дамытып гүлдендірген. Мәселен Испанияның оңтүстігінде билік жүргізген Әмәуилер династиясы, Византия империясының территориясын жаулап алған Осман империяларын айтуға болады. Олар жергілікті мәдениеттерді жойып жібермей сақтап, одан әрі дамытты. Соның көрінісі қазіргі уақытқа дейін сақталған. Бұл сұрағынызға қосымша жауапты мыны сілтемедегі мақалa арқылы толық оқыи аласыз деп ойлаймын  http://e-islam.tarmpi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=14:2013-01-10-05-24-37&catid=6:2013-01-10-05-17-48&Itemid=19    

  • Осыдан бір шама жыл бұрын басқа дін өкілдерінен айт Секталармен қорқатын едік. Ал қазір Елімізде ислам бағытындағы зиянды ағымдары бар дейді рас па. Олрады атап айтып берсеңіз? Рахмет.

  • Егемендік алған алғашқы жылдары мемлекетімізде христиандық секталар басымдық көрсетіп, белсенді қызмет атқарып келсе, кейін олардың орнын Ислам атын жамылған радикалды ағымдар басты. Бірақ екеуінің тек сыртқы пішіндерінде ғана өзгешелік болмаса ішкі принцптері мен мақсат-мүдделері бір. Екеуініңде атқаратын қызметтері еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты бұзу, азаматтарымыздың санасын улап қоғамға қарсы қою болып табылады. Атап айтсақ, қазіргі уақытта ең алдыңғы қатарда белсенді қызмет атқарып жатқан ағымдардың қатарына салафилік (уахаббилік), таяуда ғана елімізде тиым салынған табилиғи жамағат діни ұйымдары жатады.

  • Менің балаларым мешітке барып намаз оқып тұрады, оған барлығымызда қуаныштымыз. алайда кейде байқаймын сол балаларымның мінез құлықтары біз ойлағанымыздай емес жат қылығына көбейіп бара жатқан секілді. Бұл жағдай мені алаңдатады. Менің сұрағым сонда мешіттегі имамдар жастарды өз ата-анадарына қарсы үгіттейме? Бұған неге үкімет тарапынан қарамайды? Бұл жағдай мені алаңдатады. Менің сұрағым сонда мешіттегі имамдар жастарды өз ата-анадарына қарсы үгіттейме? Бұған неге үкімет тарапынан қарамайды?

  • Бұл мәселе бәрімізді де алаңдатады. Қазіргі уақытта біз мешітке жастардың көп барып жатыр деп қуанып жүрміз. Бірақ, сол жастарымызға мешітте нені үйретіп, қандай уағыз насихат айтып жатқанынан бейхабармыз және оның мәні мен мазмұнына көңіл бөліп жатқанымыз да шамалы. Мен барлық мешіттегі имамдар жастарға теріс уағыз жүргізеді деген ойдан аулақпын дегенмен де бұл олқылық бізде жоқ емес. Басты біздің діни қызметкерлердің кемшілігі дінді тек Құран, хадис, намаз оқу мен ораза ұстау секілді бір жақты түсіндіруінде болып тұр. Сонымен қатар дәстүрлі қазақ діни танымы мен араб діни танымын ажырата алмауы қоғамдағы жастардың санасына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл олқылықтарды жаңа келген рухани басшымыз, мүфтиіміз қолға алады деп ойлаймын. Ал, үкіметіміз бұны түбінде бақылауда ұстауы да керек деп ойлаймын. Себебі дін мемлекеттен болса да қоғамнан бөлек емес.

  • Құрметті Таңжарық мырза! Шүкір Аллаға Еліміз, Басқа елдерге қарағанда тыныш, бейбіт және бай. Егмен елімізде дін мәселесі күрделеніп тұрған уақытында Елбасымыз Дін істері агенттігін құрды. Осы агенттіктің Төрағасы Қайрат Қайырбекұлының діни тақырыптағы көз қарасы біздің ұстанатын ислам дінімен сай келмейтінін мен бір неше адамнан естідім. Жаңадан келген Бас мүфти орамал тағу салтымызда да дінімізде де бар десе Қайрат Лама Шаріп салтымызда да дінімізде де жоқ дейді. Енді Сіз айтыңызшы осы орамал салтымыз, дінімізде де барма жоқпа?

  • Дін ол - жүректің мәселесі оған тек Алланың ғана пәрмені жүреді. Мен біреудің діни танымы мындай андай екен дегенге көзім жетпеген соң ой айтудан аулақпын. Ал орамал мәселесіне келсек, біздің мәдниетімізде де қыз балаларымыз бен әйел кісілеріміз жалаңбас жүрмеген. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бірақ, шариғаттағы хижапты (жамылғы, орамалды) біздің халық өз ортасының климаттық және өмір сүру дәстүрілерінің ерекшеліктеріне қарай пайдаланған. Қазіргідей беттеріне перде жауып, қара түсті жамылғыны олпы-солпы етіп кимегені белгілі. Бұл туралы елбасымызда айтып өткен болатын. Бірақ, елбасымыздың жалпы қыздарымыздың орамал тартуына ешқандай қарсы емес екенінде есте сақтауымыз керек. Орамал тартып жүргендердің бары хижап киіп жүр деп те айта алмаймыз. Ал қазіргі уақытта бұл проблема хижап ұғымының дұрыс түсіндре алмауынан туындап отыр. Хижап туралы толық мәліметті мына мақаладан оқи аласыз. http://www.sunna.kz/kz/blog/view?id=202

  • "Молда дүмше болса, қырық шайтанның жабылып несі бар" деген қазақтың мақалы Қазқстан мешіттерінің имамдарын әр естіген сайын ойыма келеді де тұрады. Осы молдалардың шайтан мен күресудің орнына неге оларга жақ болады. Танжарык мырза менің демегім мынау. Ислам атын жамылған Молдаларды қайтсек дұрыс жолға саламыз ? өз пікіріңізді бүгіп қалмайтыныңызға сенімдімін.

  • Имамдардың интелектулдық белсенділіктерін арттыру қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған өткір мәселенің бірі. Біз бұл жерде діни қызметкерлердің барлығы дүмше, олар теріс пиғылды ағымдардың сойылын соғып жүргендер болмаса өз нәпсілеріне ие бола алмағандар деген ойдан аулақ болғанымыз жөн. Бірақ дүмшелік бізге дейінде болған құбылыс. Болмаса Ясауи бабамыз бен Абай, Шәкәрім аталарымыз неге жалған сопылармен арам молдалар деп сын айтады. Қазіргі кездегі діни қызметкер қандай дәрежеде жұмыс атқару тиіс болмаса, оның қоғамдағы беделін қалай көтеру керек деген сауалдарға жауап беру Діни басқарманың құзырындағы іс.

  • Мұсылман адамның Басқа діннен болған әйелінің ішінде баласымен қайтыс болса (Өлсе) ішіндегі нәрестеге намаз оқыла ма оқылмай ма ?


    Екінші сұрағым. Ана қарнындағы бала шетінеген жағдайда қай уақыттан бастап жаназа намазы оқйды?

  • Жаназа намазы іштегі немесе өлі туылған нәрестеге оқылмайды. Тек дүние есігін ашып, даусы шығып шетінеп кетсе, ол нәрестеге азан айтылып есімі қойылады сосын оған жаназа шығарады

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.