Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 22
  • қазан

    сейсенбі

  • 22
  • Сафар

    1441

Бауыржан Әлиұлы

Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы

  • 3223
  • 16
  • 20.08.12

Бауыржан Әлиұлы 1981 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келді.

1999 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласындағы №34 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясын тамамдады.

2001-2005 жылдар аралығында ОҚО Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің Дінтану факультетін «Дінтанушы» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2006-2008 жылдар аралығында Сирия Араб Республикасы Дамаск қаласында машықтанды.

2009-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ға қарасты Орал медресесінде ұстаздық қызмет атқарды.

2011 жылдан бастап ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамдық қызметін атқарып келеді.

Құрметті оқырмандар, сіздермен интернет-конференция өткізу туралы редакция тарапынан болған ұсынысты қабылдай отырып, өздеріңізбен бірлесе жұмыс істеуге әзір екенімді білдіремін. Менің бұл ниетіме сіздер оң ықылас танытады деген сенімдемін

Ізгі тілекпен, Бауыржан Әлиұлы.

Пікірлер (16)

  • Қазақта мақал бар "бақ шаба ма бап шаба ма" деген Ислам Ғұламаларынын пікірінше Алла несібебімізді, жеңісімізді багымызга қарай береме әлде бабымызға қарай береме? осы тұстан жауап берсеніз. Сұрагым жауапсыз калмайтынына кәміл сенімдімін. Ораза айттарыныз кутты болсын.

  • Сұрағыңыз шариғатымыздағы тәуекелге қатысты деп ойлаймын. Тәуекел дегеніміз қандай-да бір іске қатысты себептердің баршасын жасап, нәтижесін Аллаһ Тағалаға тапсыру болып табылады. Бұл тәуекелдің бірінші түрі. Дәлелі Құран-кәрімдегі мына аяттар:


    «Әй мүміндер! Құралдарыңды алыңдар. Және бөлек-бөлек болып немесе тұтас аттаныңдар». (Ниса сүресі, 71 аят)


    «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Алла біледі. Ал Алла жолында ненәрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділсіздік көрмейсіңдер». (Әнфал сүресі, 60 аят)


    «Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар». (Жұма сүресі, 10 аят)


    Шариғатымыздағы тәуекелдің екінші түрі пайғамбарымыздың с.а.у айтуы бойынша мынадай:


    «Егер сендер хақиқи түрде тәуекел ететін болсаңдар, Аллаһ Тағала сендерді таңертең аш ұшып шығып кешке тойып қайтатын құстар секіліді рызықтандырар еді». (хадисті риуаят еткен имам Тирмизи (р.а))


    Хадиске мән беріп қарасаңыз құстар бар болғаны таңертең ұшып шығады. Егін екпейді, егінді суғармайды т.б нәрселерді жасамайды.

  • Алла Тағала Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың хадистерінде көптеген әмірлерге бойын сұнбағандардың жазаларын нақты көрсеткен. Ал неге осы секілді Хижаб (Орамал) тақпағандарың жазасын неге нақты көрсетпеген? Мүмкін көрсеткен шыған мен таба алмадым. Осы сұрағыма нақты Аят, хадиспен дәлелдеп жауап бересіз ба?

  • Төмендегі мына аяттар дәлел ретінде жеткілікті деп ойлаймын.


    « Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі». (Хашр с.үресі, 7 аят)


    «Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, Мүмін ер және Мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. (Ахзап сүресі, 36 аят)

  • Асслалаумағалейкум!!! Бауыржан Әлиұлы

    Қазір сәләфтар көбейіп кетті деп естіп жатамыз. Сонда оларды (көшеде, автобуста және т.б. жерлерде кездестіріп немесе сөйлесіп қалсақ) қандай белгілерінен тануымыз қажет. Құрықтарына түсіп қалмас үшін.

  • «Адамның аласы ішінде» - деген атам қазақ, бір адамның сақалына не болмаса балағына қарап алалау әдептілікке жатпайды. Сіз олармен ақида және аммалы туралы сөйлесе отырып тани аласыз, егер оған діні біліміңіз жететін болса. Ал, Сіздің біліміңіз ондай дәрежеге жетпесе, араңыздағы әңгімені мешіт имамдарына барып сұрап білуіңіз керек.
    «Ұстаным» ол жүректе болады. Бір адам өз тілі мен «мен сәләфимын, вахабимін» демесе сыртқы келбетінен оны танымдау дұрыс емес.

  • Музыка харам емес пе? Харам болмаса толығырақ жеткізсеңіз, және дәлелдерімен!

  • Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат ететін де, тыйым салатын да көптеген хадистері бар. Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына байланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысы адал, ал зияндысы харам деп пәтуа берген .


    Жалпылай барлық музыканы харам дейтіндердің дәлелдері


    1. «Адамдардың арасында ешбір (дәлелге сүйеніп) білімге жүгінбестен елді Алланың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын (немесе ақиқатпен айырбастайтын) әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар бар. Оларға Алланың қорлайтын азабы болады» .


    Бұл аяттағы қазақша «бос сөз» деп аударылып отырған «ләһуал-хадис» сөзі көңіл көтеру үшін ойын-сауық мақсатында айтылатын әртүрлі хикая, әзіл-оспақ, ертегі секілді сөздерді, әңгімелерді де қамтиды.


    Кейбір ғалымдар «ләһуал-хадис» сөзін Ибн Аббас сияқты кейбір сахабалардың «ән» деп тәпсірлегенін негізге алғандықтан музыканың харамдығын білдіретін дәлелдердің қатарында қолдануға тырысқан.


    Алайда бұл аят жалпылай барлық музыканың харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі, тәпсіршілердің бәрі бірдей «ләһуал-хадис» сөзін тек қана «ән» деп тәпсірлемеген. Бұл аяттың түсу себебіне үңілер болсақ «ләһуал-хадис» сөзінің жалпылай барлық музыканың харамдығын білдірмейтінін түсінеміз.


    Ал егер музыканы адамдарды адастыру үшін, дінді келеке ету мақсатында қолданса, онда ол аталмыш аяттың аясына кіргендіктен, ондай музыканың харамдығында еш шүбә жоқ.


    Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахихул-Бухари хадис кітабындағы:


    لَيَكُونَنَّ مِنْ أُمَّتِي أَقْوَامٌ يَسْتَحِلُّونَ الْحِرَ وَالْحَرِيرَ وَالْخَمْرَ وَالْمَعَازِفَ...


    «Үмбетімнің арасынан әйелдің жыныс мүшесін (яғни, зинаны), жібекті, арақты және музыка аспаптарын адал санайтын қауым (топ) шығады...» , – деген хадис музыканың харамдығын білдіретін ең қуатты дәлел ретінде келтіріледі.


    Бұл хадистен бір қарағанда музыканың харам екендігін түсінуге болады. Алайда пайғамбарымыздың даңғараның (тамбурин) сүйемелдеуінде айтылған әнді тыңдағанына байланысты сахих хадистерді де назарға ала отырып, аталмыш хадистің әрбір сөзіне назар салып, мәніне терең үңілетін болсақ, басқаша үкімге де баруға болатынын көреміз. Нафиғдан риуаят етілген басқа бір хадис.


    عَنْ نَافِعٍ قَالَ سَمِعَ ابْنُ عُمَرَ مِزْمَارًا قَالَ فَوَضَعَ إِصْبَعَيْهِ عَلَى أُذُنَيْهِ وَنَأَى عَنْ الطَّرِيقِ وَقَالَ لِي يَا نَافِعُ هَلْ تَسْمَعُشَيْئًا قَالَ فَقُلْتُ لَا قَالَ فَرَفَعَ إِصْبَعَيْهِ مِنْ أُذُنَيْهِ وَقَالَ كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَسَمِعَ مِثْلَ هَذَا فَصَنَعَ مِثْلَ هَذَا


    Жолда Ибн Омармен бірге едім. Ол шопанның сырнайының үнін естіді де жолдан алыстай түсті. Саусағымен екі құлағын бітеді. Сосын «Уа, Нафиғ естіп тұрсың ба?», – деді. Мен: «жоқ» деген едім, саусағын екі құлағынан шығарды да: «Уа, Нафиғ пайғамбарымыздың осылай естігенін және дәл осылай істегенін көрдім» , – деді.


    Келтірілген бұл хадис те жалпылай барлық музыканың харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі, аталмыш хадис біріншіден сахих емес, Әбу Дәуід өзінің хадис жинағында бұл хадисті келтіргеннен кейін бұл хадис «мүнкәр» деген. Ал енді хадисті сахих деп қабылдағанның өзінде жалпылай барлық музыканың харамдығын білдірмейді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне ұнамаған жағымсыз үннен де құлағын бітеуі мүмкін. Яғни, сол кезде тартылған сырнайдың үні жағымсыз болуы да ықтимал. Бұған қоса егер жалпы сырнайдың үні харам болғанда пайғамбарымыз жанындағы Ибн Омарға да құлағын бітеуін бұйырар еді. Яғни, Ибн Омардың күнә істеуіне жол бермес еді.


    Музыканың харамдығына дәлел ретінде келтірілген хадистердің бірі – ибн Мәжаның хадис кітабындағы Мәлик әл-Әшғаридің әкесінен риуаят етілген пайғамбарымыздың ( с.а.у.) мына хадисі:


    عَنْ أَبِي مَالِكٍ الْأَشْعَرِيِّ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَيَشْرَبَنَّ نَاسٌ مِنْ أُمَّتِي الْخَمْرَ يُسَمُّونَهَا بِغَيْرِ اسْمِهَا يُعْزَفُ عَلَى رُءُوسِهِمْ بِالْمَعَازِفِ وَالْمُغَنِّيَاتِ يَخْسِفُ اللَّهُ بِهِمْ الْأَرْضَ وَيَجْعَلُ مِنْهُمْ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ


    «Үмбетімнен кейбір адамдар арақ ішеді де оны басқа атпен атайды. Жандарында музыка аспабы ойналып әйел әншілер ән айтады. Алла Тағала жерді олардың үстіне төңкереді және олардың кейбіреулерін маймыл мен шошқаға айналдырады» .


    Пайғамбарымыздың бұл хадисінде де музыканың жалпылай харамдығына ешбір дәлел жоқ. Бұл жерде арақты сыра, вино, виски секілді әртүрлі басқа аттармен атап, адалға санап ішетін әрі әйелдерге ән айтқызып, би билеткізіп, музыка ойнататын жандардың душар болатын азабын ескертуде. Арақ ішіліп, әйелдерге ән айтқызылған отырыстың қандай отырыс екенін, онда айтылатын ән мен ойналатын әуеннің қандай сипатта болатыны айтпаса да түсінікті.


    Ендеше, бұл жерде салиқалы өлең мен пайдалы әуеннің харамдығына ешбір дәлел жоқ. Пайғамбарымыздың бұл хадисі қазіргі таңдағы казино, бар сияқты күнәға толы түнгі клубтарды меңзейді.


    Абдуллаһ ибн Амр ибн Астан риуаят етілген Пайғамбарымыздың: «Сөзсіз, Раббым арақты, құмар ойынды және барабан мен қиннинді харам етті» делінген хадисі музыка аспаптарының харамдығына байланысты алынған дәлелдердің қатарында келтірілген. Алайда бұл хадис әлсіз хадистердің қатарына жатады. Яғни, дәлелге есептелінбейді.


    Келтірілген дәлелдерге қорытынды:


    Жоғарыдағы музыканың харамдығына байланысты келтірілген дәлелердің арасындағы сахих хадистердің мағынасы жалпылай барлық музыканың харамдығын білдіретіндей нақты, айқын емес, ал мағынасы нақты, айқын болғандары түгелдей әлсіз яки ойдан құрастырылған хадистердің қатарына жатады немесе арақ ішілген жерде айтылатын әндерді меңзеген.

  • Әкем мен ағам апамның ауылы жақта жерленген, жақында апам қайтыс болды соның қырқын өткізуге барғанда әкемнің қабіріне барсам бола ма ?

  • Иә баруыңызға болады. Шариғатта қабір зияраты рұқсат етілген.

  • Сонгы кездері салафтар жагдайды тым киындатып жіберді. салтымыздын бәрін теріске шыгарып жатыр. Осы салафтардын таралуына ыкпал жасаган Бекболат ағамызды козімізге елестеткенде домбырамен елестетеміз.Сол агамыз домбыранын озін харам кылып тастады, муны бір әнші танысым Бекболат агамен бір екі жерде, бір жиында болган. Сол кезде агамыз домбыраны тарткызбай койган. Муны калай тусунуге болады? осынын ара жігін ашып айтып берініздерші???? Шакірттерінен сурасан Бекболат агамызды жана реформатор деп атайды. Сонда казахтын домбырасы харам болганыма?

  • Домбыраны харам-деу Ислам фиқһ ғұламаларының белгілеген 12-тәсіліне жатпайды, сондықтан біз домбыраны харам дей алмаймыз. Ал Бекболат ағамыздың домбыраны тартуға рұқсат етпеуінің басқада себептері болуы мүмкін. Халқымыздың салт-дәстүріне жататын домбыра, қобыз, т.б амалдарын Намаз уақытында не болмаса қонақ келгенде басқа тірлікпен айналысу әдепсіздікке жатады. Осындай немесе басқада себептерін ескергеніміз жөн. Толығырақ Қ.Жолдыбайдың «Дін мен Діл» кітабында нақты жазылған, қарауыңызға болады.

  • Әйел намаз оқу үшін дәрет алып жатканда басын жабу керек па әлде керек емес па калай болғаны дұрыс?

  • Eгер жалғыз өзі немесе әйелдердің арасында дәрет алатын болса басын аша алады. Ал егер ер адамдар жүретін жерде дәрет алса басы жабық болуы керек.

  • Ассаламуналикум. менің сұрағым. Мұсылман сақалды болуы шартпа? Сақал оспейтін көселердін сакал ектірсе болама? Ислам дінінде бұл тұрғыда недей үкімдер бар нақтырақ қысқа нұсқа жауап берсеніз!

  • Мұсылман кісінің сақалды болуы шарт емес. Исламның бес шартына немесе иманның алты шартында ондай шарт жоқ. Сақал ектірудің қажеті жоқ. Сонымен қатар шариғатта сақалсыз адам имансыз адам деген пәтуа жоқ.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.