Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • 14
  • қараша

    бейсенбі

  • 16
  • Раби́’у ль-авваль

    1441

Козырев Тимур Анатолийұлы

Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығында директор орынбасары

Козырев Тимур Анатолийұлы 1972 жылы 2 желтоқсанда РФ Новосібір қаласында дүниеге келген. Новосібір мемлекеттік университетін үздік дипломмен тәмамдаған. Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Тарих, филология және философия бірлескен институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атағын алған.

Сондай-ақ, Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы Орталық-Еуропа университетінің ұлт және ұлтшылдық теориясының магистрi.

Еңбек жолын 1999 жылы Ресей Ғылым академиясының Филиология институтында ғылыми қызметкерден бастады. 2001 – 2003 жж. Босфор университетiнде (Түркия, Стамбул қаласы) түрiк тiлi және әдебиет кафедрасында арнайы шақыртумен оқытушы қызметін атқарды. 2003 – 2005 жж. аралығында Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркология кафедрасында жұмыс істеді. 2005 – 2006 жж. филология кафедрасының меңгерушiсі міндетін атқарды. 2006 – 2009 жж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті. 2009 – 2010 жж. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 2011 жылдың тамыз айында «Тренды и прогнозы» кәсіпорынында сарапшы жұмысын атқарса, қараша айынан бастап Әл-Фарби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті болды. 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығында бас ғылыми қызметкері, Христиандық конфессия және протестанттық ағымдарды зерттеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары лауазымын қоса атқарды.

БАҚ бетінде өзекті пікірлер мен сұхбаттардың және 60-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.