Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 03:57
  • Күн 05:48
  • Бесін 13:24
  • Екінті 18:32
  • Шам 20:50
  • Құптан 22:40
  • 11
  • тамыз

    сейсенбі

  • 21
  • Зуль-хиджа

    1441

 «(Мұхаммед С.Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді».

Құран Кәрім

 «(Мұхаммед С.Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді». («Бақара» сүресі, 186 аят)

Түсініктемесі: 

Құран Кәрімде Алла мұсылмандарға қалай дүға жау керектігін және дұғаның маңыздылығы мен қабылдау шарттары туралы жалпы 12 аятта толық түсіндірген. Мұсылман адам осы дүниелік жақсылқтарды негізге ала отырып ақыретте пейішке кіргізуін, тозақтың отынан сақтауын тілеп, соған сай амал жасайды. Бұл туралы «Бақара» сүресінің 201 аятында былай деген: «Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!»,- дейді.

«Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса былай деп жауап бер: Мен шынымен өте жақынмын, маған дұға жасағанда, дұға жасаушының тілегін қабыл алам, оның тілегіне қалай да болса бір жауап берем». Яғни Алланың жақынмын дегені тез арада қабылдаймын дегені. Жер жақындығы, уақыт тағы басқа өлшеммен есепке алынатындай жақындық емес.

Алла естімей қала ма деп, ғибадатында және дұғасында дауыстап айқайлап, бақырып-жақыруға рұқсат жоқ.

Бір соқыста сахабалар айқайлап тәкбір айтып, дұға жасап отыр еді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сіз кереңге немесе жоқ нәрсеге дұға жасап жатқан жоқсыздар. Есітетін және ең жақыныңыздағыға дұға жасап жатырсыз»,-деп әмір еткен. Аяттың түсу себептерінің бірі де Алланы ұзақ деп ойлаудан сақ болу. «Біз адамдарға күре тамырынанда жақынбыз». («Қаф» сүресі, 16 аят)

Имам Ибн Мәжә Қайим дұға қылу арқылы Аллаһ Тағаланы еске алудың жүзге жуық пайдасы бар деген. Олар: Аллаһ Тағаланың разылығын алады. Шайтан қашады. Жүрек қайғысын жойып, рахат әкеледі. Рух пен денеге қуат береді. Адамның жүзі мен жүрегін нұрландырады. Ризықты молайтады. Аллаһ Тағалаға жақындатып, Оның сүйіспеншілігіне бөленеді. Адасудан қайтарады. Аллаһ Тағала көп дұға етушіні Өз панасына алады. Дұғаның себебімен Аллаһ Тағала мағфират (кешірім) есіктерін ашады. Дұға күпірліктен арылтып, өлі жүректі тірілтеді. Күнә мен қателіктерді жойып, тозақ азабынан құтқарады. Әрдайым Аллаһ Тағаланы еске алып, Оған дұға қылу, яғни, зікір ету – тілді лас сөзден сақтайды. Жамағатпен қосылып дұға қылу – Қиямет күні қайғы-қасіреттен пана болады. Оңаша отырып, шын жылап тілеген дұға – Қиямет күні Аллаһ Тағаланың таңдаулы пенделеріне арналған көлеңкесіне паналауына се-бепші болады. Көп дұға қылушы ғибадатта қиналмайды. Дұға – Жәннәт егістігі. Аллаһ Тағаланың пенделеріне әзірлеген нығметтерінің ең зоры – Аллаһ Тағаланы есіне алып, дұға қылғандардың несібесі. Үнемі дұғада болған мұсылман әрқашан қауіпсіз және тыныш болады. Зікір – бұл дүние мен Ақыреттің нұры. Көп зікір жүректі сергітеді, яғни, иесін күнәдан қайтарады. Шын жүректен жасалған зікір – құлды азат ету, Аллаһ Тағала жолына садақа берумен және діни күреспен тең. Дұға – қатқан жүректі жібітіп шипа болады. Көп дұға қылушыларға періштелер истиғфар етеді, яғни, Аллаһ Тағаладан күнәларының жарылқануын тілейді. Көп дұға ету арқылы Аллаһ Тағаланы еске алу – екіжүзділікті жояды.

Дұғаның мақсаты малының есіне салу, не болмаса, пешенемізге жазылмағанды жаздыру деген ұғымда емес, Аллаға құлдығымыздың көрнісі. Алланың ұлылығын, оның бізге берген өміріне разылығымызды білдіріп, Алланың да бізден разы болуына жалбарыну. Иманның шарттары болған «Тағдыр мен қазаға иман келтіру және амал жасау болып табылады.

Дұға жасаудың исламда дәлелдері өте көп, дұғаның қабыл болатынын тек кәпірлер ғана сенбеуі мүмкін. Бұл сөзімізге дәлел ретінде бір неше аят оқуымызға болады: «Маған дұға жасаңдар, сендерге жауап берейін» («Му’мин» сүресі, 60 аят). «Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («Ағраф» сүресі, 55 аят). Жоғарыда айтқанымыздай қасиетті Құран Кәрімде дұғаға жасауға байланысты 12 аят бар.