Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 04:27
  • Күн 06:07
  • Бесін 13:22
  • Екінті 18:15
  • Шам 20:26
  • Құптан 22:06
  • 24
  • тамыз

    сенбі

  • 22
  • Зуль-хиджа

    1440

«Ең әуелі өз напақаңды өз қажетіңе жұмса, өзіңнен артылса әйеліңнің қажетіне жұмса, әйеліңнен артылса, балаларыңа және басқа жақындарыңның жағдайына қара, дүние - байлығың болғанда малыңды осы көріністе садақа ет!.»

Хадис

БИСМИЛЛАХИР РАХМАНИР РАХИМ

Хадис;

Алланың берген  дүние-мүлкін қалай ұстап оны қандай жолға жұмсау керек екендігі жайында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сахабалары сұрағанда былай деп жауап берген екен..

«Ең әуелі өз напақаңды өз қажетіңе жұмса, өзіңнен артылса әйеліңнің қажетіне жұмса, әйеліңнен артылса, балаларыңа және басқа жақындарыңның жағдайына қара, дүние - байлығың болғанда малыңды осы көріністе садақа ет!.»

Өзі кедей, балалары аш бола тұрып қолына түскен дүниесін басқаларға беру немесе балаларының маңдай терімен тапқан ризық несібесін өзгелерге беріп «жомарт» деген атақ алуды арман еткен адамның ісі ақымақтық.

«Ең әуелі өз напақаңды өз қажетіңе жұмса!» деген сөзді «ең әуелі нәпсіңнің борышы мен сұрауын қанағаттандыр» деп түсінуіміз қажет. Өз керегіңе және әйел, бала-шағаңның қажетіне жұмсауды Пайғамбарымыз «садақа» деп атауында мұсылман үмметі үшін үлкен сүйінші бар.

Осы хадисте үйретілген тәртіп бойынша мал-мүлкін жұмсағандар сауапты іске кенелетіндігін айтады. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 219-аятында «وَيَسْأَلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَ قُلْ الْعَفْوَ»,  яғни, «Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. Сонда оларға «артығы беріледі» деп айт» деген. Біздің бұл амалға бағынуымыз және жүзеге асыруымыз Құран және Хадиспен бекітілген.