Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 07:24
  • Күн 09:01
  • Бесін 13:12
  • Екінті 15:26
  • Шам 17:12
  • Құптан 18:49
  • 11
  • желтоқсан

    сәрсенбі

  • 13
  • Раби́’у с-сани

    1441

Кітаптар

МАЗМҰНЫ

Мазмұны Алғы сөз 

  1. Кіріспе
  2. Бірінші бөлім Ислам дінінің ғылымға көзқарасы және ғылымның дамуы Исламдағы «ғылым» термині және ғылым үйренудің маңызы
  3. 11 Ислам – ғылым діні
  4. Ғылым үйренудің әдептері
  5. Екінші бөлім Исламдық оқу-ағартудың және білім ордаларының тарихы Хижретке дейінгі оқу-ағарту
  6. Хижреттен кейінгі оқу-ағарту
  7. Хазірет Пайғамбар (с.а.с.) дәуіріндегі оқу-ағарту орындары
  8. Медресеге дейінгі оқу орындары
  9. Ислам әлемінде медреселер
  10. Осман мемлекетіне дейінгі медреселер
  11. Селжүктердегі оқу-ағарту
  12. Селжүктердің ресми және бейресми оқу орындары
  13. Медреселердің басқа қоғамдық мекемелермен байланысы
  14. Осман медреселері
  15. Арнайы білім беретін медреселер
  16. Үшінші бөлім Ислам ғылымы мен мәдениетінің әлемге таралуы Мәдениет сөзінің анықтамасы
  17. Ислам мәдениеті
  18. Ислам ғылымы мен мәдениетінің Батыс арқылы әлемге таралуы
  19. Дін мен ғылымның арақатынасы
  20. Мұсылман шығыс ғалымдарының ғылым тарихындағы орны
  21. Исламның қайнар көзі – Құран және сүннет
  22. Ислам және ғылым Төртінші бөлім Исламның заманауи ғылым түрлерін қамтуы Исламдағы ахлақ (этика) ғылымы
  23. Исламдағы психология
  24. Исламдағы қоғамтану
  25. Исламдағы педагогика
  26. Исламдағы әлеуметтану
  27. Құран кәрімнің ғылыми жаңалықтардан хабар беруі
  28. Құран оқудың денсаулыққа пайдасы
  29. Сөз соңы
  30. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ИСЛАМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Дін мен ғылым секілді екі үлкен тақырыпты қаузамас бұрын «Ислам қандай дін?» деген сұраққа жа- уап іздесек. Ислам – адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін. Дінімізде құлшылық, мәдениет, білім-ғылым, құқық, саясат, жанұя, экономика да қамтылғанын осы кітапты оқу барысында түсінетін бо- ласыздар, қадірлі оқырман қауым. Алдағы тарауларда Ислам дінінің адамзат бала- сына алып келген ұлы мәдениетіне, ғылымы мен та- рихына тереңірек тоқталамыз. Адамзаттың сонау Исламнан бұрынғы және дін келгеннен кейінгі жан- жақты шарықтап даму кезеңдеріне, оқу-ағарту тари- хына, қоғамдық-мәдени салаларына тың деректерден мысал бере отырып үңілеміз. Аллаһтан түскен діннің тек мұсылман жұртшылығына ғана емес, сонымен қоса, батыс әлеміне де кеңінен етек жайып, пайдасын тигізгендігін, әлі күнге дейін тигізіп жатқандығын және ол жақтарға қалай, қашан өткендігінен де сөз етеміз. Бұл ғылыми еңбектің басты артықшылығы, өзімізге кеңінен танымал қазақ, орыс тілдеріндегі еңбектерді ғана емес, сонымен бірге түрік, араб секілді өзге тілдеріндегі еңбектердің де кеңінен пайдаланылғанында. Неге десеңіз, Ислам әлеміндегі ғылым мен білімнің көбіне аталмыш осы екі тілде дамып, осы тілдерде жарық көргенін сіз бен біз жақсы білеміз. Жоғарыда келтіргеніміздей, Ислам діні – үлкен мәдениет. Мұндай мәдениеттің «Оқы» әмірімен баста- луы көп нәрсені байқатады. Барлық мәдениеттің, оның ішінде Исламның да негізгі іргетасы – оқу-ағарту болып табылады. Білім алуды басты ұстаным етіп алғандығы үшін де дін Ислам өз өміршеңдігін ешқашан жоғалтпай заман өткен сайын жаңарып келе жатыр. Тәлім-тәрбие мен оқу-ағартуды пайғамбарының туралығы, сенімділігі және Раббысына деген сүйіспеншілігі арқылы бастаған бұл діннің оқу-ағарту саласында бүгінгі күнге дейін қалдырған ізі үлкен зерттеуді қажет етеді. Барлық мәдениеттің қалыптасып дамуында маңызды рөл атқаратын білім саласы Ислам мәдениетінде де өз жемісін беріп, үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Құран мен сүннетте көптеген аят пен хадис бізге осыны көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) білім алуды өсиет еткен және Оның «Мен мұғалім бо- лып жіберілдім» деген сөзін де оқу-ағарту ісінің Ис- ламда қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Ислам келгеннен кейін арабтар мен мұсылмандықты қабылдаған басқа да халықтар ғылымда жоғары жетістіктерге жетті. Бұған Құрандағы ғылымға деген үгіт сеп болып, нәтижесінде көптеген мұсылман ғалымдары биология, зоология, тарих, астрономия, химия, физика, алгебра, математика, медицина сияқты ғылым сала- ларында өз қолтаңбаларын қалдырған. Жалғыз Құран ғана емес, пайғамбарымыз да мұсылмандарды білім алуға шақырып, бұның мұсылмандарға парыз екендігін айтқан. Мәдинаға хижреттен кейін мұсылмандар меккеліктердің қыспағынан құтылып, өз араларында мемлекет құрды. Хазірет Пайғамбардың (с.а.с.) бас бо- луымен мұнда мешіт салып, оның бір бөлімі оқу-ағарту істеріне арналды. Бұның «Суффа» деп аталғанын білеміз. Суффа – Исламдағы алғашқы университет.

Бұл жерде Пайғамбарымыздың өзі сабақ берген. Бәдір соғысында тұтқынға түскендердің әрқайсысына 400 дирхам құн белгіленгенде, құн төлеуге қаржысы жоқ сауаты бар тұтқындар мәдиналық он балаға оқу-жазу үйретіп азаттық алатын болды. Ғұлама сахабалардың бірі Зәйд ибн Сабит осы жерде сауатын ашқан ансарлардың бірі еді. Исламның ғылымға және өзін ғылымға атаған ғалымдарға деген құрметі ерекше. «Ғалымдар пайғамбарлардың мирасқоры» деген мұсылмандар жер бетінде алғаш болып ренессанс туғызған мем- лекет десек қателеспес едік. Ислам білім алуға кел- генде ешкімді де бөліп-жармайды. Бұған мысал, ба- тыста ғасырлар бойы тыйым салынып және құдай мен шіркеуге қарсы келу деп есептелінген медици- наны пайғамбарымыздың өзі насихаттап, өз өмірінде қолданғаны. Ор соғысында жаралыларды емдеу үшін «Руфайда шатырының» құрылуы Исламда ауруханалар тарихының пайғамбарымыз заманынан бастап маңызы зор екендігіне дәлел1 . Сондықтан да мұсылмандардың медицинамен шұғылдану, ауруханалар салуы дәстүрге айналған. Исламда ғылым мен ғибадат бір-бірінен ай- ырылмайтын екі негіз болғандықтан білім алу діни әмір еді. Сол себептен де әртүрлі ғылым салаларында көптеген жаңалықтар ашылғандығын көреміз.

 

Қазақстан Республикасы Дін істеріагенттігінің дінтану сараптамасыныңоң қорытындысы берілген


Бақытжан Өткелбаев, Академиялық дәрежесі – дінтанумагистрі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы


Бұл бөлімде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптама бөлімі мақұлдаған кітаптар мен кітапшалар орналастырылған.