Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 07:24
  • Күн 09:01
  • Бесін 13:12
  • Екінті 15:26
  • Шам 17:12
  • Құптан 18:49
  • 11
  • желтоқсан

    сәрсенбі

  • 13
  • Раби́’у с-сани

    1441

Кітаптар

МАЗМҰНЫ

МӘҢГІ МҰҒЖИЗА

Оқырман талқысына ұсынылып отырған бұл кітап – теолог ғалым Мұхитдин Исаұлының бірден-бір шоқтығы биік, мұсылмандығымыз бен рух тазалығына қосары мол сүбелі еңбегі. Еңбекте Құран ақиқаттары әсерлі де көркем нақышпен баяндалған. Автор қасиетті Құранның Ұлы Жаратушының
кітабы екендігін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеген. Мазмұны сал-мақты, тілі оқылуға жеңіл еңбек оқырман жүрегіне жол табар деген сенімдеміз.

Барша мұсылман жұртының ең баға жетпес құндылығы қасиетті Құран Кәрім екені мәлім. Құранда Жаратушы бізге қос дүниенің бақытын ұғындырады. Құран жер бетіне түскелі он бес ғасыр өтті. Сол уақыттан бері Ислам ғұламалары Құранның аяттарына қатысты қаншама еңбектер жазылса да оның мағынасын түгесті дей алмаймыз. Себебі, Құранның мағынасы шексіз, түпсіз терең. Оның үстіне уақыт өткен сайын Құран аяттарының мәні жаңара түспек. «Фуссилат» сүресінің 53 аятында «Болашақта дәлелдерімізді ғаламзат және өз жаратылыстарында көрсетеміз. Сол кезде Құранның ақиқат екендігіне олардың анық көздері жетеді» делінген. Демек, уақыт озып, адам баласының ілімі артқан сайын аяттардың мәнін тереңірек ұғыну мүмкіндігі арта түспек.

Қолдарыңыздағы шағын еңбекте – көбіне намазда оқылатын қысқа сүрелердің тәпсірі берілген.

Жаратушы әрбір иманды жанды Өзінің ұлық сөздерінің мәнін ұғынып оқуға нәсіп еткей! Кітап барша оқырман қауымға, дінтану мамандарына, жас жеткіншектерге және тәрбие саласындағы жандарға арналған.


Бұл бөлімде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптама бөлімі мақұлдаған кітаптар мен кітапшалар орналастырылған.